期刊:K̦ork̦yt Ata atyndaġy K̦yzylorda universitetìnìn̦ habarŝysy [Kyzylorda University named after Korkyt Ata] 日期:2021-01-01卷期号:56 (1): 198-204
标识
DOI:10.52081/bkaku.2021.v56.i1.026
摘要
Қазіргі таңда бірнеше тілді оқыту – болашақ маманның әлем кеңістігінде жоғары самғауына жол ашатын, әлемдік деңгейдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін паш етуіне үлкен мүмкіндік беретін қажеттілік. Бірнеше тілде оқыту – уақыт талабы десек, оны жүзеге асыру – оқытушылардың міндеті. Сондықтан да заманауи оқытушыларға үздіксіз көп ізденіс, білім қажет. Берілген мақалада өткен ғасырдың өткен ғасырдың соңында Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында әзірленген CLIL әдісінің ЖОО арнайы пәндерді оқытуда қолдану үрдісі туралы қарастырылған. Қазіргі таңда арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артуда. Студенттердің басты құзыреттілігін, дағдыларын қалыптастыруға CLIL әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын тіліндегі сабақтарәсер етеді. Бұл әдіспен білім берудіңбасты ерекшелігі, бұл әдісте түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне байланысты тілді пайдаланып, сабақты қос тілде (мемлекеттік және шетел) өткізу арқылы жүзеге асырылады.Сөйлеу дағдысын қалыптастырумен қатар CLIL әдісі оқытушыдан сабақтың өткізілуіне байланысты жаңа тәсілді, жаңа әдісті талап етеді. Оқытушы сабақ барысында тақырып материалын берген кезде, оқу жұмысын ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолданарда студенттің шығармашылық деңгейін және жеке іс-әрекет ерекшеліктеріне назар аударғаныдұрыс. Ал бұл дегеніміз, студенттің арнайы пәнді оқуына деген қызығушылығын және ынтасын арттыратыны сөзсіз.